«Ауғаныстан жүректегі жара»

2024 жылдың 13 ақпанында Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Жастар ресурстық орталығымен ұйымдастырылған «Ауғаныстан жүректегі жара» атты дөңгелек үстелдің қатысушылары болды.

Дөңгелек үстелге жауынгер-ауғандықтар шақырылды. Ауғаныстан ардагерлер және жергілікті соғыс кеңесінің төрағасы Умралинов Т.Н., Есенов К.О., Бекенов М.И. өз тәжірибесімен және соғыс туралы әсерімен бөлісті. Балалар біздің жауынгерлердің өз әскери борышын қалай орындағаны жайлы білді; әскери қызмет және өзара көмек не екендігі; қандай техника қолданылғандығы туралы, сонымен қатар ауған халқының өмірінен көп қызықты мәліметтерді білді. Балалар қызығушылықпен тыңдап, жауынгер-ауғандықтарға сұрақтар қойды, олардың төсбелгілерін зерттеп қарады. Ардагерлер балаларға дені сау, батыр болып өсуге, өз Отанын, ата-ана үйін, достарды сүйюге, олардың өмірінде соғыстың болмауын тіледі. Тәрбиеленушілер жауынгер-ауғандықтарға өз қолымен жасалған кішкентай сыйлықтарды сыйлады.