Геолог ғалымның туғанына 125 жыл
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 11 Сәуір 2024 10:23
- Автор: Super User
- Қаралды: 55
Ғалым-геолог, қоғамдық қайраткері, геолог-минералогиялық ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125-жылдығы аясында келесі іс-шаралар өткізілді: 11 сәуір күні Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері аудандық
балалар кітапханасына барды, онда «Баянауылдан шықты деген аты болмаса...» ғылыми бұрышы құрастырылды. Кітапханашы академиктің өмірбаянымен, ғылыми жетістіктерімен және марапаттарымен балаларды таныстырып өтті. Тәрбиеленушілердің назарына әйгілі геолог туралы әдебиет және мерзімді басылымдар ұсынылды.
Орталықта «Қ.И. Сәтпаевпен танысу» атты әңгіме өткізілді. Қ.И.Сәтпаев Қазақ халқының тарихындағы ұлы ақын және философ Шәкәрім Құдайбердіұлының жетістіктерін бірінші болып бағалаған ғалымдарының бірі болды.