12 сәуір – адамның ғарышқа ұшудың Халықаралық күні

12 сәуір – адамның ғарышқа ұшудың Халықаралық күні. Аудандық балалар кітапханасы Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін «Ғарыш қашықтығы»-«Космические дали» атты викторинасын дайындады. Балаларға ғарышқа кім алғашқы рет ұшқаны, қазақстандық ғарышкерлер, «Байқоныр» ғарыш алаңы туралы айтып берді. 

Тәрбиеленушілер жауаптың 4 нұсқасы бар 25 сұрақтардан құралған викторинаға белсене қатысты.  Балалар тақырыптық әдебиетімен, даярланған «Ғарыш күні» атты лэпбукпен танысты.

Балаларды қолдау орталығында «Біз және ғарыш: Ғаламға алғашқы қадамдар» атты зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Аталған іс-шара ғарыш жайлы білімді, жерге жақын орналасқан орбитаға ұшуды іске асырған тұлға туралы білімді бекітуге бағытталған. Балалар белсенді ойнап, «Ғарыш» және «Ғарыш әлемі» жайлы өз білімдерін көрсете білді. Іс-шараның мақсаты мектеп жастағы және мектепке дейінгі жастағы балалардың ғарыш әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру және кеңейту болды.