«Бейбітшілікті қалайсың ба? Соғысты есте сақта!» атты Жеңіс күніне арналған әдеби-музыкалық конкурс
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сейсенбі, 07 Мамыр 2024 04:29
- Автор: Super User
- Қаралды: 64
2024 жылдың 6 мамыр күні Балаларды қолдау орталығында «Бейбітшілікті қалайсың ба? Соғысты есте сақта!» атты Жеңіс күніне арналған әдеби-музыкалық конкурс өткізілді.
Конкурс әрбір баланың отансүйгіш көзқарасын қалыптастыру,
өз Отаны үшін мақтанышты тәрбиелеу, тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.
Балалар музыкалық көрсетілімдерді дайындады: Ұлы жеңіс және Отан қорғаушы күніне арналған тақпақтар, тақырыптық қойылымдар.
Қойылымдар топпен көрсетілді, әрбір шығармашылық топ жеке-жеке бағаланды.
Балалар үлкен талпыныспен қатысты, әрбір қатысқан тәрбиеленуші бар жүрекпен беріліп, өзіндік қойылым көрсете алды. Конкурсты білгір қазылар алқасы – балалар шығармашылық үйінің директоры Колядина Е.К., Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Хайрат Ділда, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ерофеева А.В. бағалады.
Қойылымдар орындаудың сапалығы, толығы және сюжеттің біртумалығы бойынша бағаланды. Әрбір қойылым өзіндік болып шықты, жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Барлық конкурс қатысушылары номинациялар бойынша марапатталды және тәтті сыйлықтарды алды. Конкурстың ең белсенді қатысушылары үшін ерекше тосынсый Жастар ресурстық орталығы атынан Хайрат Ділда сыйлаған сымсыз құлаққаптар болды.
Жеңіс күні – әрбір жанға өте қымбат мереке. Біздің мақсатымыз – бұл қасиетті күні үшін естелікті және мақтанышты өсіп келе жатқан ұрпаққа табыстау!