Қазақстан халықтарының бірлігі күні – бұл Қазақстан аумағында тұратын ұлттар бірлігінің мерекесі
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сәрсенбі, 01 Мамыр 2024 09:30
- Автор: Super User
- Қаралды: 74
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, мұнда 150 астам ұлттар және халықтар тұрып жатыр. Қазақстан халықтарының бірлігі күні – бұл Қазақстан аумағында тұратын ұлттар бірлігінің мерекесі.
1 мамыр қарсаңында Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығында «Қазақстан - бірлік Отаны» мерекелік бағдарламасы өткізілді. Мереке «Бірлік» Этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Мереке барысында ұлттық киім киген балалар ән айтты, өлең шумақтарын оқыды, би биледі. Балаларды «Жітіқара ауданының мүгедектер достастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - К.Н. Андрианова, Жітіқара ауданы және Жітіқара қаласының ПБ басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі С.Б. Кульбаев, «Қостанай облысының СЭБ Департаментінің Жітіқара аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы - А.Х. Ансагаев, мүгедек балалардың күндізгі бөлімінің жетекшісі - Э.Г.Култанова, мүгедектерді оңалту үшін орталығы басшысының орынбасары-С.С. Юсупова, Орталық қамқоршылық кеңесінің мүшесі Т.А.Жаманкулова мерекемен құттықтауға келді.
Мемлекетіміздегі бейбіт өмір үшін қажетті достық, түсінушілік және бүтіндік мерекесі, балаларды өз елінің халықтарын жақсы көруге үйретеді, қазақстандықтардың ашық көгілдір аспанының қандай бағалы екендігін білуге тәрбиелейді.