Әлемге мейірімділік көзімен қара

2024 жылдың 4 қыркүйек халықаралық қамқоршылық күні аясында Жітіқара аудандық балалар кітапханасы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін «Әлемге мейірімділік көзімен қара» атты игі істердің күнін өткізді.

Балалар «Мейірімділік», «Игі істер», «Жақсылық» және «Қастық», «Рақымшылық», «Қамқоршылық» ұғымдарымен танысты. «Ертегінің мейірімді кейіпкерін тауып ал», «Сыпайы сөздер», «Адал батырлар» ойындарын ойнады, жақсы амалдар және мінез-құлық туралы «My SHAPE book» кітабының сериясымен және «Жақсы амалдар. Сыпайылықтың әліппесі» кітап-жаттықтырғышпен танысты. Балалар іс-шараның барысында мейірімділік және қастық жайлы мақал-мәтелдерді жинады.

Іс-шараның соңында балалар тақырыптық әдебиеттермен танысып өтті. Балалар кітапханасы тәрбиеленушілер үшін сыйлық ретінде қазақ және орыс тіліндегі 50 балалар журналдарын және тәтті сыйлықтарды дайындап, сыйға тартты.