«Отбасылық дәстүрлер – үндестікке жол»

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбі күні Қазақстанда Отбасы күнін атап өтеді. Мерекенің басты мәні – біздің дәстүрлі құндылықтарымыз туралы, бір-біріне қамқорлықпен қараудың маңыздылығы және жанұяда жылулық пен сүйіспеншілікті сақтауды еске салу.

2024 жылдың 7 қыркүйек күні мереке қарсаңында Балаларды қолдау Орталығының тәрбиеленушілері үшін «Отбасылық дәстүрлер – үндестікке жол» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты - отбасыға деген махаббаттың және оның маңыздылығының арттыруын тәрбиелеу; отбасының барлық мүшелеріне деген сыйластыққа баулу; отбасылық қарым-қатынасының негізділігі жайлы ұғымды қалыптастыру.

Балалар үшін «Отбасылық дәстүрлер» бейнетұсаукесерінің қаралуы ұйымдастырылды, топпен және жеке-жеке жұмыс жасалды, өз отбасылары және отбасылық дәстүрлері туралы айтып берді, генеалогиялық ағашты құрастыру бойынша кесте-нұсқаулығымен танысты, «Отбасымның дәстүрлері» кластерін толтырды.