«Қазақстан балалары»
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 22 Мамыр 2025 02:02
- Автор: Super User
- Қаралды: 18
22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» атты іс-шаралар өтуде.
Мерекенің негізгі идеясы – әрбір баланың үніне құлақ асатын, қорғалғанын және қажеттілігін сезіндіре алатын ортаны қалыптастыру. Бұл мереке – ұлттың бүгіні мен ертеңінің негізі саналатын балалардың жарқын болашағына деген сенімнің айқын көрінісі.
Әрбір күн – ерекше мәнге ие болып, денсаулық, отбасы, қауіпсіздік және баланың құқықтарын қорғау тақырыптарына арналады.
Идеяны іске асыру салалық министрліктердің қатысуымен жүзеге асырылады және балалық шақ мәселелеріне қоғам назарын аударуға мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасау – Мемлекет Басшысы IV Ұлттық Құрылтай отырысында атап өткен мемлекеттік саясаттың бірлескен жауапкершілігі мен нақты басымдығы.
«Қазақстан балалары» атауымен Халықаралық балаларды қорғау күнін ауқымды түрде атап өту – Қазақстанның Бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі қағидаттарына сәйкестігін айқындайтын жарқын мәлімдеме.
22 мамыр «Әкем — тірегім, анам – жүрегім» тақырыбымен басталды. Балаларды қолдау орталығында «Жүректе тұратын үй» атты сурет байқауы өтті. Балалар сурет арқылы Отанға, отбасы мен жақындарына деген махаббатын жеткізді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтар табысталды.