Экскурсия

Қазақстан Республикасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» іс-шаралар тұжырымдамасы аясында Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері

Жітіқара аудандық полиция бөлімінде ерекше экскурсияда болды. Бұл көптеген балалар үшін нағыз жаңалық болды, себебі қатал ғимараттың ішінде заң мен тәртіп күзетінде тұрған адамдардың үйлесімді әрі маңызды жұмысы жүріп жатыр.

Экскурсияны тәрбие және кадр жұмысы тобының аға инспекторы, полиция майоры Наталья Александровна Артемьева өткізді. Ол алғашқы сәттен балалардың назарын өзіне аударды. Наталья Александровна полиция құрылымы, әр бөлімшенің міндеттері туралы айтып, «айғақтар қайда сақталады?» дегеннен бастап, «қалай полицей болуға болады?» деген сұрақтарға дейін жауап берді.

  Балалар кезекші бөлімді, тәулік бойы оқиғалар тіркелетін орынды, сондай-ақ куәларды сұрау бөлмесін көріп, нақты тергеу қалай жүргізілетінін білді. Ерекше қызығушылық тудырған бөлім – арнайы құралдарды таныстыру: бронежилет, кісен, таяқша және тіпті рация арқылы «патрульмен» байланыс жасау мүмкіндігі болды.

Бұл экскурсия балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, полиция қызметінің жауапкершілігі мен маңыздылығын түсінуге септігін тигізді.