кафе «Горный лён»
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сенбі, 31 Мамыр 2025 08:13
- Автор: Super User
- Қаралды: 13
2025 жылғы 30 мамырда, Балаларды қорғау күні қарсаңында Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері «Горный лён» кафесіне қонаққа шақырылды.
Балаларға арналып мерекелік дастархан жайылып, оларды түрлі дәмді тағамдармен қуантты: пицца, керемет өзбек палауы, наггетс, фри картобы, табиғи шырындар мен жидек морсы.
Балалар би билеп, караокеде ән салып, өз өнерлерін көрсетуге тырысты. Мереке көңілді өтті.
«Горный лён» кафесінің ұжымына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Бұл күн балалар үшін нағыз мерекеге айналды — жылы қарсы алу, дәмді тағамдар мен достық атмосфера оларды қуаныш пен жағымды әсерге бөледі. Назарларыңыз бен қамқорлықтарыңыз, ізгі ниеттеріңіз үшін алғыс айтамыз!