«Менің болашағым»
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сейсенбі, 27 Мамыр 2025 02:02
- Автор: Super User
- Қаралды: 12

27 мамыр — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралар шеңберінде «Балалар үні» тақырыбына арналды.
Осы күні Балаларды қолдау орталығында «Менің болашағым» атты диалог алаңы өтті. Шақырылған қонақ — геология-минералогия ғылымдарының докторы, Халықаралық Инженерлік Академия мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушысы, Жітіқара ауданының Құрметті азаматы, «Асбестовое ГРП» ЖШС-нің бас директоры және «Тау-кен геологиялық журналының» бас редакторы — Низами Наджаф оғлы Джафаров.
Кездесу барысында Низами Наджаф оғлы өзінің өмір жолы, кәсіби қызметінің алғашқы қадамдары, күрделі әрі қызықты экспедициялар мен есте қалған ашылымдары туралы әңгімелеп берді. Оның сөздері қатысушылардың ерекше қызығушылығы мен құрметіне ие болды, себебі әрбір әңгімесінде мамандығына деген адалдық сезіліп тұрды. Балаларға үлгі бола отырып, ол еңбекқорлықтың, табандылықтың және білімге деген қызығушылықтың маңыздылығын атап өтті.
Джафаров Н.Н. Қазақстанда өмір сүрген қырық бес жылдығына арналған «Бұндай да болады» атты өзінің кітабын таныстырып, оған қолтаңба қойып, жылы тілектерін білдіре отырып балаларға сыйға тартты.
Іс-шара соңында тәрбиеленушілер атынан қонаққа естелік сыйлық табысталды. Бұл кездесу барлық қатысушылар үшін ерекше мәнге ие болды — нағыз батырлардың арамызда жүргенін, ал туған жерге деген сүйіспеншілік оның зерттеушілеріне деген құрметтен басталатынын еске салған сәт болды.
#Қазақстанбалалары